"Жасөспірім және оның құқығы" атты апталық барысында оқушылармен директордың тәрбие ісі меңгерушісі Манап Алмагүл қазақ сыныптарына "Бала құқығы туралы Конвенция" тақырыбында ақпараттық сағатын өткізді. Ал орыс сыныптарында алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушысы Журавлев С.К өткізді. Ақпарат сағатынан соң оқушылардан "Бала құқығы туралы Конвенция" бойынша сауалнама алынды.