Ақжарқын орта мектебінде 13.01.18 күні сағат 10:00 де ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың 10 қаңтар 2018 күнгі халыққа Жолдауы мектептің ұстаздарына таныстырылып, өзара пікір алмасулар болды. Ұстаздар тарапынан білім саласына енгізілетін өзгерістер оң пікірлерге ие болды. Жолдауды қазақ тілінде тарих пәні мұғалімі Ундетбай Арапхан, орыс тілінде Жамбаев Рашид Жасуланович таныстырды.